Бүгін, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Qosyl қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата ескерткіші аумағында «ECO Marathon» сенбілік акциясы өтті.

Тазалық шарасына ерікті жастар, белсенді қала тұрғындарымен қатар, Қызылорда Қалалық Қоғамдық Кеңесі мүшелері де қолдау білдірді.

Экологиялық акция Қорқыт Ата ескерткіші саябағына іргелес аумақтарда да жалғасын тауып, тазалық ісіне белсене қатысқандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Сүйікті қаламыз Қызылорданың көркеюіне бірге атсалысайық!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!