фото: polisia.kz

Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды, деп хаюарлайды BAQ.KZ.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтады.

Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрады. Көлік арнайы тұраққа қойылды. 

Азаматтарды Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз! Шетелдік нөмірі бар кейбір жүргізушілер жазадан құтыламыз деп үміттенеді, алайда полиция мұндай ереже бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!