Фото: Pexels.com
Дүниежүзілік шопинг күніне орай Қазақстанда кең көлемде сатылымдар ұйымдастырылды. Статистика бойынша алматылықтар өте көп сауда жасайды. Соңғы екі айда 700 миллиард теңге сауда жасалған. Бұл басқа қалалармен салыстырғанда үш есе көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Статистикаға сүйенсек, ең көп киім алатындар Алматы, Астана және Қарағанды облысында тұрады. Әрбір тұрғын ай сайын дүкендерге орта есеппен 120 мыңнан астам ақша жұмсайды.
“Бала кезімде ондай дүниелер көп болмаған. Ағаларымнан қалғанды киіп жүре бердім. Бірақ қазір өзім ақша табамын, мен жай ғана жаңа нәрселерді сатып алғым келеді. Күн сайын жаңа киім кигім келеді. “Қара жұма” басталғанда келуге тырысамын. Өйткені ақша үнемдегің келеді. Мен 5/2 кестесі бойынша жұмыс істеймін. Көбінесе демалыс күндері дүкенге барамын”, – деді алматылық Абай Арызбаев.
Сауда және жеңілдіктер мерекесі Қытайдан бастау алады. 30 жыл бұрын ондағы студенттер Бойдақтар күнін тойлай бастады. Жыл сайын 11 қарашада онда жалғызбасты адамдарға арналған шоулар мен концерттер ұйымдастырылды. 2009 жылдан бастап қытайлық маркетологтар бұл күнді сатылымдар тәсілі ретінде пайдалана бастады. Және бұл дәстүр бүкіл әлемде тез танымал болды.
“Мен студентпін. Жеңілдіктер күндері гардеробымды жаңарту өте ыңғайлы. Қазір онлайн қызметтер көп болса да, өте төмен бағада Қытайдан алдыруға болса да, мен жеке өзім қарап көргенді жөн көремін. Ұстап, сапасын тексеріп, киіп көру керек”, – деді тұрғын Аманғали Недірбаев.
Дүниежүзілік шопинг күні – сатушылар үшін де үлкен мереке. Дүкендер алдын ала дайындалады. Бұл күні жақсы ақша табуға болады.
“Түнде де жұмысқа шығамыз. Тауарлардың бағасын өзгертіп, киімдерді шығарамыз. Біз залды акцияларға дайындап жатырмыз. Плакаттарды жабыстырамыз. Демалыс күндері және жарнамалық күндерде әдетте сауда орталығында адамдар көбірек болады. Сәйкесінше, дүкенде де жұмысшылар көп”, – деді сату жөніндегі кеңесші Әліби Шәкизат.
Психологтар киімді толтырып алмауға кеңес береді. Сөзінше, шопинг – бұл тәуелділік, одан арылу қиын. Оны тіпті лудомания, алкоголизм және нашақорлықпен салыстырады.
“Шопаголизм да алкоголизм, нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік сияқты мания. Ол балалық шақтағы жан жарасынан бастау алады. Бұл жерде екі мәселе болуы мүмкін. Бірінші мәселе – ата-анасы бәріне рұқсат берді. Яғни олар бала үшін бәрін сатып алды, ештеңеден бас тартпады. Ал екінші мәселе – бала қаржылық қысым көрді, оған артық ештеңе алып бермеген. Мұндай жағдайда бала «Өскесін қалағанымды аламын» деп ойлап өседі”, – деді психолог Даниал Файзуллаев.
Өзгелердің тауар алу құмарлығын басқалар өз кәдесіне жаратады. Тіпті өнімдерді еш ойланбастан сатып алуға мәжбүрлейтін арнайы техникалар бар. Көбінесе мамандар бағаны қызыл түспен белгілеп жазады екен. Сонда клиент ойланбай алады деген тұжырым бар.
“Неліктен кассаларда арзан тауарларды бірінші көрсетеді? Өйткені арзан нәрсені сатып алу үшін адам көп ойланбайды. Ал қымбат нәрсені таңдауға көбірек уақыт кетеді. Сондықтан кассаларда шоколадтар, шұлықтар және т.б. тұрады. Эмоцияға негізделген кез келген өнімді сатып алмас бұрын маркетологтар сізге өнімді сату үшін не істеп жатқанын білуіңіз керек”, – деді Қазақстан маркетинг клубының маманы Салтанат Қайыртаева.
Кейін сатып алған өніміңе өкініп қалмас үшін сарапшылар бірнеше кеңестер береді. Алдымен қажетті заттардың тізімін алдын ала жазып алыңыз. Және әрқашан біреумен дүкен аралаңыз. Себебі ол адам сізді кей саудада ойыңыздан айырады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!