Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы
мен үкіметтік емес ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы
Меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Қызылорда еріктілері» Қоғамдық Қоры мен «Жастар спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» Жастар қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты: нашақорлықтың алдын алу саласында жәрдемдесу; нашақорлықтың таралуына қарсы тұруға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру; құқықтық ағарту, ақпараттандыру, кеңес беру түрінде жастарға тегін заң көмегін көрсету; психоактивті заттарды тұтынбай жастардың бос уақытын тиімді қолдануға бағыт-бағдар беру, өскелең ұрпақ арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Қазақстанда бұқаралық спорт пен шығармашылықты насихаттау және дамыту.
Ынтымақтастық шеңберінде тараптар нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу саласында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнату нашақорлық пен есірткі қылмысының таралуына қарсы тұруға, есірткі құралдары мен психотроптық заттарға сұранысты азайтуға, сондай-ақ денсаулықты қорғау бағытында ғылыми-әдістемелік шараларды қамтамасыз етуге, азаматтардың рухани, адамгершілік тәрбиесіне бағытталған бағдарламаларды, іс-шараларды іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!