Екібастұз қаласының тұрғыны қарт әкесіне тіл тигізгені үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: krasrab.ru

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына өзгерістер енгізілгеннен бері Екібастұз қаласының «102» пультіне отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша 360-тан астам өтініштер келіп түскен. Оның ішінде жәбірленушілердің арызысыз ​​223 факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушылар 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.

«Есепті жыл басынан бері жәбірленушілерді қорғау мақсатында 691 қорғау нұсқамасы шығарылып, қорғау талаптарын бұзғаны үшін 71 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 27 жуық отбасылық агрессорларға 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жазалар қолданылды. – Мәселен, 37 жастағы ер адам үйіне масаң күйде келіп, 61 жастағы әкесіне балағат сөздер айтып, жанжал шығарған. Учаскелік полиция инспекторы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер фактісі бойынша материалдар жинады», – деді Екібастұз қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Рустам Умаров.

Қалалық сот ұлын 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сонымен қатар, әкені заңсыз әрекеттерден қорғау үшін 30 тәулікке дейін мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылып, оны бұзғаны үшін ұлына 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды қарастыратын әкімшілік жауапкершілік түсіндірілді.

Тағы бір жағдайда, 9 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында 30 жастағы ер адам өз пәтерінде, әйеліне тыныштық бермей, ар-намысына тиетін сөздер айтып, әдепсіз сөздер айтып, жанжал шығарған. Учаскелік полиция инспекторымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен материалдар жинақталып, сотқа қарау үшін жолданды. Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің еркіне қайшы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, онымен, оның ішінде кәмелетке толмағандарды және әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін іздеуге, қудалауға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен өзге де тәсілдермен байланысуға тыйым салатынын атап өткен жөн.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!