Сурет: Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметіЕкібастұзда жеті жастағы қызды ұшақпен іздеп жатыр, әзірше ол туралы хабар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қарашада 21:48-де Екібастұз қаласының Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында 2015 жылы туған қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Бірден іздеу жұмыстары ұйымдастырылып, құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер із-түзсіз жоғалған жасөспірімді іздеуге кірісті. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Іздестіру жұмыстарына 320-дан астам адам, 38 техника және ұшақ борты жұмылдырылды.

Милана Давыдова – Бесқауға ауылындағы мектебінің 3-сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, дене бітімі арықша келген, көздері қоңыр, шаштары ақшыл. Үстінде сары күртеше, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті куртка, қара етігі бар.

Айта кетейік, 17 қарашада полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына барғысы келгенін анықтады. Милана анасымен бірге бармай, қалып қойды. Содан кейін үйден шығып кеткен. Қызды кейінгі рет ауылдан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

Павлодар дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтерілді. Баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылып, іздеуге Vita еріктілері мен бей-жай қарамайтын азаматтар қосылды. Полиция қызметкерлері осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102-ге хабарлауды сұрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!