25 қазан – туымызды көкке көтеріп, тәуелсіздік тұғырын нығайтқан күн. Ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз асқаралы асуларды бағындырды. Бүгінде әлем жұрты егемен елімізді нарықтық экономикалы, демократиялық дамыған ел ретінде таниды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ» деген сөзі әрқайсымыздың жүрегімізде жатталып тұр.
Қазақ халқы ынтымақ ұғымының мәнін жете түсінеді. 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі қоныстанған республикамыз бүгінде өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздер, жас буын, туған мемлекетіміздің бостандығын баянды етуге, күш-қуатын арттырып, ел игілігі үшін жүйелі, сапалы еңбек етіп, дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделінің артуына үлес қосуымыз керек.
Әліби БАСАРОВ,
Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!