Бұл шешімнің қабылдануына құрылыс нормаларының бұзылуы және бірыңғай білім беру стандарттарының жоқтығы себеп болған.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Ош облысында 39 мешіт пен 21 медресенің жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешімнің қабылдануына құрылыс нормаларының бұзылуы және бірыңғай білім беру стандарттарының жоқтығы себеп болған.
Елімізде діни нысандарға жаппай тексеру жүргізіліп жатыр. Комиссия құрамында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет, Ішкі істер министрлігі, Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктері және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Негізгі мақсат – діни экстремизм идеологиясы мен дәстүрлі емес ағымдардың таралуына қарсы тұру, – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!