Фото: pixabay.com

Қаржы нарығын дамыту туралы заң аясында тұтынушылық кепілсіз онлайн несиелерді беру үшін 24 сағаттық «салқындату кезеңі» енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хабарламаға сәйкес, несие алуға алғаш рет өтініш білдірген қазақстандықтардың банктің немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болу талабы белгіленеді.

“Сонымен қатар 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиені енді «электронды үкімет» порталы арқылы келісім алғаннан кейін ғана ала алады (бұл ереже заңға тәуелді актілерде көрсетіледі). Әскери қызмет өткеру уақытында әскери қызметкерлерге несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салынады”,  – делінген хабарламада. 

Қаржы институттарының алаяқтық несиелер мен микроқарыздарды есептен шығару негіздері де кеңейтіледі. Ал банктер алаяқтық белгілері бар транзакцияларды анықтаған жағдайда банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға өкілеттік алады.

Жеке норма Ұлттық Банкке төтенше жағдай кезеңінде қаржы ұйымдарының төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттарына шектеулер енгізу құқығына қатысты. Өз кезегінде «Отбасы Банкі» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі аясында білім беру несиелерін беру құқығына ие болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!