Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев «Желмая» жобасында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әр елде рейстердің кешігу деңгейі бар. Сол Еуропамен салыстырғанның өзінде біздің елді бұл деңгей төмен. Сондай статистика бар. Жалпы кешігудің басты себептеріне тоқталсам. Ең біріншіден әрі маңыздысы, қауіпсіздікке байланысты. Ұшақтан қандай да бір кішігірім ақау шықса немесе солай көрсетсе, ол ұшпайды. Себебі ол жерде 200-ге жуық адамның өмірі тұр. Сосын географиялық ерекшеліктер де бар, – деді вице-министр.
Сатжан Аблалиевтың айтуынша, ұшақ бағасы ұшу күніне байланысты өзгеріп отырады.
Динамикалық баға деген бар. Соған байланысты ұшақ бағасы өзгеріп отырады. Байқасаңыздар, билетті 1-2 ай ерте алсаңыз бағасы арзанырақ болады. Мысалы сол кезде билетті 15 мың теңгеге сатып алуға болады. Кейін уақыт өте келе ол баға орташаға, яғни 25 мың теңгегі өседі. Ал ең соңында, ұшу күні сатылатын бағалар ең қымбат болады, – деп түсіндірді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!