Елімізде кейінгі он жылда некенің ең көбі тамызда тіркелген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2016 жылы бұл көрсеткіш шарықтау шегіне жетіп, бұл айда 16,9 мың неке қиылған. Жалпы, тамызда жыл сайын орта есеппен 14,9 мың неке тіркеледі.
2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамызда неке қию үшін ең танымал үштікке кіріп отыр. Ал қаңтар ең аз неке тіркеледі. 2020 жылғы сәуірде, пандемия кезінде, төмен рекорд көрсеткіш тіркелген – небәрі 3,8 мың неке қиылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!