Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов еліміздің қай өңірлерінде құтқарушылар жетіспейтінін және бүгінгі күні жалақылары қанша теңгеге жеткінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін елордада 19 қазан Құтқарушылар күніне орай «RIZAMYZ» әлеуметтік жобасы аясында фотокөрме ұйымдастырылды.

Мұндай (тапшылық – ред.) проблема бар. Әсіресе жаңадан құрылған облыстарда. Атап айтқанда, Ұлытау, Маңғыстау, Атырау және басқа облыстар. Осы өңірлерде қосымша қызметкерлер қажет, – деді ол.

Қазіргі күні министрлік осы мәселені шешу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар министр құтқарушылардың жалақысы қазіргі күні қанша теңгеге дейін көтерілгеніне тоқталды.

Құтқарушылардың айлықтары шамамен 200 мың теңге. Бізде сетка бар. Оның сатысы болады. Яғни құтқарушылардың дәрежесіне қарай айлықтары өсіп отырады, – деп түсіндірді Шәріпханов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!