Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Жылдық көрсеткіште – 10,6%-ға, деп хабарлады 12 мамырда Ұлттық статистика бюросы, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 мамырдағы Қазақстандағы кейбір тауарлардың орташа бағасы:
айран 2,5% – 407 теңге/литр;
қырыққабат – 141 теңге / кг;
күріш – 411 теңге/кг.
Мәліметтерге сүйенсек, нан, айран, сәбіз, пияз, қырыққабат, сары май, ет қымбаттаған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Қалалардың әртүрлі бөліктеріндегі гипермаркеттер мен дүкендер, базарлар таңдалады.
Кейбір аймақтарда азық-түлік қымбаттаса, кейбір аймақтарда керісінше арзандайды. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ғана қатысты емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!