фото: Sputnik / Наталья Селиверстова
Такси жолаушыларын тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құраған, – деп хабарлайды Sputnik ақпарат агенттігі
Қазақстанда такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны едәуір артты, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.
Бюроның мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында такси қызметін пайдаланған жолаушылар саны 37,63%-ға артып, 35,6 млн-ға ж
еткен.Такси жолаушыларын тасымалдаудан түскен табыс 4 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8% артық. Сонымен қатар такси қызметтерінің бағасы жыл басынан бері 4,7%-ға өскен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!