Фото: Stan.kz

Елімізде жазатайым оқиғалардан жапа шеккен жұмысшыларға арналған сақтандыру жүйесі өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді әр сақтандыру компаниясы жарақат алған қызметкердің ем-домға кеткен шығынын өтеп беруге тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заң жобасына өзгертулер енгізген. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмыс берушінің алдын алу шараларына жұмсаған шығындарын 6 %-ға дейін өтеуі керек. Мәселен басшылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқыту, кәсіптік тәуекелдерді бағалау, нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу, мерзімді медициналық тексерулер жүргізу, қауіпсіздік жүйелерін орнату, зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!