Бағаны ұстап тұру үшін еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалған.
Үкімет басшысы Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиналысқа облыс әкімдері мен Ауыл шаруашылығы министрі қатысты,деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Елімізде өткен бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға өскен. Бұған қырыққабаттың 3,5 пайызға және жұмыртқаның 1,6 пайызға қымбаттағаны әсер еткен. Мәселен қырыққабат Алматыда бір аптаның ішінде 19,3 пайызға қымбаттаған. Ал Атырау облысында жұмыртқа бағасы 27 пайызға шарықтап кеткен.
Осыған орай Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны ескертпей өсіргені үшін нан, жұмыртқа және ұн өндірушілеріне 4 ескерту жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан мен Маңғыстау облыстарында 18 тауар бойынша сауда үстемесін көтерудің 7 фактісі анықталған.
Бағаны ұстап тұру үшін еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына кіретін Қазақстанның 14 құс фабрикасымен 108 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалған.
Әкімдерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін тиімді жұмыс істеу керек. Саудагерлердің үстемені асыру фактілері болса, оларға тосқауыл қоюды тапсырамын, — деді Асқар Мамин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!