Фото: жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде танымал заңгерлердің бірі Айгүл Орынбек жемқорлықтың жаңа бір фактісін әшкереледі.

«Қылмыстық жазаға тартылмас үшін, “жынды” деген қағазды сатып алуға болады. Қазақстандағы жемқорлық жүйенің барлық саласын жаулағаны соншалықты, он миллион берсең жынды болып шыға келесің! Ол үшін ақшаң және мықты көкең болу керек!

Осы уақытқа дейін сау болып жүріп, тіпті көлік айдап жүрген адам бірден жынды бола қалғаны күдік тудырады. Видеоны көріп синтетикалық зат немесе анаша шекен ау деп ойлаған едім. Сөйтсем, жынды екен ғой.

Енді ойланып отырмын, қашаннан бері жынды екен, адам өлтірген уақыттан үш төрт ай бұрын ба, әлде он-он бес жылдан бері тіркеуде тұра ма?!», деп жазды.

«Қайтадан (повторный) судмедэкспертиза жасату керек ондай адамдарға», «Ойбуй, ештеңеге таңданбайтын болдық қой.Саулар жынды ,жындылар сау болған заман болды», «Шын жындылар сотталып жатыр», – деп жазды заңгердің оқырмандары.

Елімізде «жынды» деген қағаз алу 10 миллион теңге – заңгер Айгүл Орынбек

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!