Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы халық саны көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елдегі халық саны 20033842 адамға жеткен.

Қала халқының ең көп үлесі Қарағанды (81,6%), Ұлытау (79,2%) және Ақтөбе (74,9%), ал ең аз үлесі Алматы (16,2%), Түркістан (24,7%) және Жамбыл (43,4%) облыстарында байқалды.

  • Қала халқы – 12,4 млн адам;
  • Ауыл халқы – 7,5 млн адам ;
  • Ер адамдар – 9,7 млн адам;
  • Әйелдер – 10,2 млн адам.

 

2024 жылдың басындағы этникалық құрам:

  • Қазақтар – 14220321 адам (71,0%);
  • Орыстар – 2983317 адам (14,9%);
  • Өзбектер – 660564 адам (3,3%).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!