Фото: Stan.kz

16 желтоқсанда 9:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар 8 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісу облысы: 

Үшарал-Достық, Көктұм станциясынан Достық станциясына дейін (100 км).

«Шектеу ауа райының бұзылауына байланысты енгізілді және транспорттық барлық түріне қатысты. 68 жүк көлігі жолда тұр», – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында. 

Алматы облысы:

Алматы-Ташкент-Термез облысы, Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаске (84 км).

Атырау облысы:

Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы, 712-893 шақырымдар, Жанбай ауылынан РФ шекарасына дейін.

Жамбыл облысы:

  • Алматы-Ташкент-Термез, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін, 95 км;
  • Шу-Қайнар, 56 км;
  • Алматы-Ташкент-Термез, Қайнар ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін, 354 км;
  • Алматы-Ташкент-Термез, Алматы облысынан Қайнар ауылына дейін, 95 км.

Түркістан облысы:

Алматы-Ташкент-Термез, Мешат ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін, 62 км.

«Қазір республикалық жолдың 846 шақырымына шектеу енгізілді. Қайта жабылған учаскелерде 118 көлік, соның ішінде 98 жүк көлігі мен 20 жеңіл көлік жиналды. Республикалық жолда 260 бірлік техника жұмылдырылды», – деп қосты компания өкілдері. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!