Бүгін – біз үшін маңызды күн. ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында өз таңдауымды жасап, «Саяхат» мөлтек ауданында орналасқан №348 сайлау учаскесінде дауыс бердім. Дауыс беру орнында барлық санитарлық талаптардың сақталуына қатаң мән беріліп, келушілерге кедергісіз дауыс беру үшін жағдай жасалған.

Сайлау – әрбір азаматтың жарқын болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Мен осы уақытқа дейін маңызды науқаннан қалыс қалған емеспін. Жалпы, бүгінгі сайлау Президенттің әлеуметтік—экономикалық бастамаларын табысты жүзеге асыруға және еліміздің өсіп-өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін. Сол себепті өзім секілді барша белсенді жастарды саяси науқаннан қалыс қалмайды деп сенемін.

Сабыржан КЕҢШІЛІК,

«Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!