Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Кошанов Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер жөнінде парламенттік тыңдалым өткізу қажет деп санайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгінгі мәжіліс отырысында Ерлан Кошанов жуырда ғана Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өткенін, онда мемлекет басшысы еліміздің рухани-идеологиялық, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық бағдарларын айқындап бергенін еске салды.
«Президенттің көтерген келелі мәселелері мен сөйлеген сөзін бағдарламалық құжат ретінде қабылдауға болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзекті проблемаларға тоқталып, оларды шешудің стратегиялық және шұғыл тәсілдерін атап көрсетті.
Соның ішінде депутаттарға бірқатар міндет жүктеді. Біз енді соларды орындауға жедел кірісуіміз керек», – деді ол.
Қошановтың айтуынша, солардың бірі – археология, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік наградалар саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы.
«Мәселен, кейінгі күндері қоғам қызу талқылап жатқан Герб мәселесі өзекті болып отыр. Шынтуайтында, аталған мәселенің талқыға түсуі – қоғамдағы пікір алуандығының көрінісі.
Қолданыстағы Гербтің бейнесіне байланысты жастар, қоғам белсенділері тарапынан көтерілген ұсынысқа президентіміз құрылтайда өз пікірін білдіріп, ортақ, байыпты шешімге келуге шақырды. Мемлекет басшысы осылайша Герб мәселесін ашық талқылауға шығарып отыр», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!