Қазақстанның тағы бір банкінде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға болады. Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша бір ғана қаржы ұйымы – «Отбасы банк» оператор болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Halyk Bank – зейнетақы қаржысын мақсатты пайдалану жөніндегі екінші уәкілетті оператор атанды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесі мәлімдеді. «Енді Halyk Homebank қосымшасында клиенттер бір реттік зейнетақы төлемін аудару үшін қажетті арнайы шотты онлайн режимінде аша алады. Төлемдер алудың бастапқы міндетті шарты – арнайы шот ашу», – делінген хабарламада. Halyk Bank-тің баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растаған. Бұған дейін біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты пайдалану бойынша «Отбасы банкі» ғана оператор болып келген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!