Қазақстанда мәжбүрлеп некеге тұрғызғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Енді айналадағы адамдар «қашан үйленесің», «қашан тұрмысқа шығасың» деп сұрақ қойып, қысым жасайтындар сотталуы мүмкін. Бұл туралы эксперт Еркегүл Амангелді өз парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сарапшының айтуынша, елімізде жаңа заң шықпақшы. 

Адамдарды тұрмыс құруға, үйленуге мәжбүрлейтін болса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бұл мәселені шешуге бағытталған заң жобасы осы жылдың соңына дейін қабылданбақ. Статистика бойынша соңғы үш жылда мәжбүрлі некеге қатысты 214 шағым түскен, бірақ тек 10 жағдайда ғана іс сотқа жеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!