Фото: pixabay

Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін ақшаны енді «Отбасы банкінен» басқа банктерде де жинауына болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, бүгінде мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.

“Мұндай мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып беріледі”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қажет рәсімдер аяқталғаннан кейін түзетулер заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!