Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенова айтты.

Қазақстанда Яндекс, Убер, Вольт және Глово сияқты түрлі онлайн-платформаларда 500 мыңдай адам жұмыс істейді. Бірақ олар үшін әлеуметтік кепілдік жоқ.

«Бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін онлай- платформалардың негізгі операторларымен кездестік. Олармен бірге биылғы 1 шілдеден бастап қамту схемаларын пилоттық режимде жүргізу туралы шешім қабылдадық. Жұмыстың нәтижесін жыл соңына қарай ұсынамыз», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!