Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Президент : «Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады» дей келе, елдің бірлігі мен татулығы бәрінен де жоғары екендігіне тоқталды.

Қаңтар оқиғасынан кейін еліміздегі татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшіліктің аса маңызды екендігін атап өтті. Ең құнды байлығымыз – бірлігімізді сақтап қалдық деді. Олай болса, елдің көңілімен үндес Жолдауда айтылған ауқымды саяси реформалардың бастауы баянды, жемісті болғай! Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей атсалысайық!

Болатбек Айтбенбетов,
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ директоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!