Бұл мақаланы жазуымның басты себебі – жерлес ғалым, қазақ әдебиетінде сатира мен юмор жанрын зерттеген Алпысбай Мұсаұлының өмірі мен еңбектері туралы жастарға таныстыру. Оның шығармашылығы, еңбек жолы мен үшін үлкен үлгі. Сондықтан осы тұлғаны басқаларға да жақынырақ танытқым келеді. Қазіргі таңда атамыздың шығармашылығы бойынша ғылыми жоба жазып, зерттеу жүргізіп жүргендіктен, оның еңбектерінен әрдайым жаңа ой, терең мағына тауып келемін. Өз туған жерімізден шыққан осындай дарынды адамдардың жетістіктері бізге мақтаныш сыйлап қана қоймай, еңбекқорлық пен табандылыққа шабыттандырады деп сенемін.
Алпысбай Мұсаұлы – қазақ әдебиетінің сатира жанрының дамуына зор үлес қосқан ғалым, әдебиеттанушы. Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы «Дихан» ұжымшарында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. Ол адал еңбек пен қажырлы ғылым жолында үлкен жетістіктерге жеткен тұлға. Кейінгі жастарға рухани және ғылыми бағытта үлкен мұра қалдырып келеді. Ғалым еңбектері қазақ әдебиетінде сатира жанрын терең зерттеуге арналған. Сатираның қоғамдағы рөлін, оның адам өміріне тигізетін әсерін нақтылап, қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелді. Оның сатира мен юмордың маңызын ашуға арналған еңбектері арқылы қазақ әдебиетінде сатираның қоғамдық тәрбиелеу құралы ретіндегі рөлі жоғары бағаланды. Алпысбай Мұсаұлының еңбектері жастарға сындарлы көзқараспен қарап, қоғамдағы кемшіліктерді сынға алуға, оны түзетуге бағытталған әдебиет ретінде сатираны түсінуге көмектесті.
«Қазақ сатирасы және оның ерекшеліктері» – бұл еңбегінде қазақ сатирасының жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін терең зерттейді. Зерттеуі арқылы сатираның әлеуметтік маңыздылығын, оның қоғамды тәрбиелеудегі рөлін ашып көрсетеді.
«Қазақ әдебиетіндегі юмор және сатира» атты еңбегінде қазақ әдебиетіндегі юмор мен сатираның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыра отырып, олардың әдебиеттегі орнын, халық санасына әсерін талдау арқылы сатиралық және юморлық дәстүрлерін одан әрі дамытудың негізін қалады.
«Қоғамдық өмірдегі сатираның рөлі» еңбегінде ол сатираның адамды тәрбиелеудегі күшін және оның қоғамдағы шынайы әсерін зерттейді. Сатира арқылы адам бойындағы кемшіліктерді сынға алып, қоғамды оңалтуға болатынын дәлелдейді. Жастарға ғылым, білімге ұмтылудың маңыздылығын көрсетті. Ол әрдайым қарапайымдылықты сақтап, туған жеріне қызмет етуге тырысты.
Ғалымның ғылыми еңбектері, өмірлік ұстанымы және туған жеріне деген адалдығы – нағыз еңбек адамының үлгісі. Оның әдебиетке, туған жерге деген махаббаты мен ғылымға адалдығы көпшілікке шабыт сыйлайды. Қазалы топырағынан шығып, сатира жанрын зерттеуде тың бағыт қалыптастыра білген ғалымның еңбектері – қазақ мәдениеті мен руханиятының асыл мұрасы. Ол жастарға еңбектің, білімнің, адалдықтың құндылығын ұғындырып, өз елінің дамуына үлес қосу жолында аянбай еңбек етудің маңызын көрсетеді. Алпысбай Мұсаұлының өмірі мен мұрасы, туған жеріне қалдырған ізгілікке толы істері әрбір жас буын үшін нағыз азаматтықтың, адалдықтың және еңбекқорлықтың үлгісі болып қала бермек.
Аяна ФАЙЗУЛЛАЕВА,
Қазалы қаласындағы
М.Горький атындағы №16
мектеп -лицейдің
8-сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!