Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан республикалық референдум аясында Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі қоғам қайраткері Абзал Ералиев дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол референдумға қатысу әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам екенін атап өтті.
– Мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте халықтың белсенділігі аса маңызды. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің ертеңіне бейжай қарамайтынын көрсетуі тиіс. Сондықтан бүгін мен де азаматтық борышымды орындап, дауыс бердім, – деді Абзал Ералиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!