Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдағы жарлығына сәйкес елімізде 2014 жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» атап өтіледі. Аталмыш мерекеге орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институтында философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерсекциясының ұйымдастыруымен «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің тергеу, анықтау саласындақатардағы және басшылық лауазымдарында қызмет атқарған, осы департаменттің Анықтау басқармасы бастығы қызметінен зейнетке шыққан полиция полковнигі Назарбек Жамал-ад-Дин қатысты. Кездесу қонағы экономика және құқық институты,құқықтану кафедрасының 1 курс студенттерімен қызмет жолындағы еңбек пен кәсібилік құндылықтар бойынша ойларымен бөлісті. 

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері өз сауалдары арқылы заңгерлік мансап жолындағы ең маңызды қасиеттерді анықтап, білікті заңгер болу үшін қандай кітап оқу керектігін түсінді. Білікті маман жаңа заңнамалар мен нормативтік актілерді үздіксіз қадағалап отыру үшін қажетті ақпарат көздері бойынша ұсыныстарын жасады. Еңбек жолындағы ең күрделі процесті есіне түсірді. Құқық қорғау органдары жұмыстарында жасанды интеллектті қолданудыңтиімді тұстары мен кемшіліктері туралы өз ойларымен бөлісті.

Кездесуді экономика және құқық институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Г.Б. Дүзелбаевақорытындылады.

Еңбек күніне орай заңгермен кездесу өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!