Алатау баурайынан Арқа төсіне көшірілген Астанаға биыл 27 жыл толып отыр. Осы ретте, ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінің қызметкерлері Астана қаласының қалыптасу тарихына арналған деректі фильмді тамашалады.

Іс-шараның мақсаты – отансүйгіштік сезімді арттыру, Астананың даму жолындағы жетістіктермен таныстыру және ұжымдық рухты нығайту. Фильм барысында мекеме қызметкерлері елорданың кұрылу кезеңдері, сәулеттік келбеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәліметке қанықты. Осылайша, ширек ғасырдан бері даму динамикасы жоғары болған Елорданың өткені мен бүгінін таразылады.
Мұндай танымдық бағыттағы іс-шаралар қызметкерлердің тарихи сана-сезімін тереңдетіп, елге деген құрметін одан әрі нығайтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!