Италияда күйеуге шығудан бас тартқаны үшін қызын өлтірген пәкістандық ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
1 қыркүйекте Италия полициясы қызын өлтірген ер адамды қамауға алды. Ер адам қызын өз Отанындағы немере ағасына тұрмысқа бермек болған
Саман Аббастың денесін әкесі 2022 жылдың қарашасында Италияның солтүстігінде өзі жұмыс істеген егістіктер маңындағы фермада қазып кеткен. Италия прокуратурасы 18 жасар қыз 2021 жылдың 1 мамырында өлді деп мәлімдеді. Бірнеше күннен кейін оның ата-анасы Миланнан Пәкістанға ұшып кетті.
Қыздың ағасы, екі немере ағасы, әкесі және анасы 2023 жылдың ақпанында сотқа тартылды. Олар бұл кезде Пәкістанға кетіп қалған.
Бірнеше ай бойы Италия Пәкістан Үкіметіне Шаббир Аббасты экстрадициялауға рұқсат беруді талап етті. Содан кейін ер адам 2 қыркүйекте Римге қонатын әскери ұшаққа отырды.
Саман Аббас Пәкістаннан Солтүстік Италияның Эмилия-Романья аймағындағы Новеллара фермерлер қаласына көшіп, батыс мәдениетін қабылдаған, хиджабын тастап, өзі сүйетін жігітпен көңіл жарастырған. Алайда ата-анасына бұл қылығы ұнамай, өлімге апарған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!