Ұлы отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды. Бұл Германияның Кеңес Одағына басып кіруімен басталып, сол кезеңде Гер­ манияның фашистік режимі Кеңес Одағын жаулап алу үшін «Барбаросса» атты ауқымды шабуыл жүргізілді. Нақты соғыстың болу себебі Германияның Мәскеуді басып алуы мен Кеңес Одағын ыдыратып, Еуропада өз үстемдігін орнатуы еді.

Басқыншылық үлкен апаттарға әкеліп, қаншама әйел кісі балаларына жалғыз өздері қамқор болып асырады. Оған қарамастан батырларымызды ұзақ уақыт сағынышпен күтті. Бұл уақытта тек соғыс емес ашаршылық қатар жүрді. Адам баласының сол кезеңді бастан кешуі ауыр сынақ еді.

Кеңес Одағында өз үлесін қосып, елім үшін деген тек ерлер емес, қайсар қыздарымыз да атсалысты. Атап айтсақ, пулеметші – Мәншүк Мәметова, мерген – Әлия Молдағұлова, ұшқыш – Хиуаз Доспанова, Халида Маманова – Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы, Партизан-радиошы Нұрғаным Байсейітова және өзге де елі үшін жаны ашыған қайсар қыздарымыз мәңгі жадымызда қалады. Ал ержүрек батыр-ларымызды атайтын болсақ, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский сынды қазақ жерінен шыққан батырлардың есімдері алтын әріппен жазылды. Осы сәтті пайдалана отыра, өзімнің атамның ерлігі мен отбасылық оқиғаларын мақтанышпен сіздерге айтып берем деймін.

Жүсіпов Қожамжар 1907 жылы бұрынғы «Өндіріс» колхозында дүниеге келген, орта мектеп білімін алған. «Өндіріс колхозының төрағасы, БКП(б) мүшесі, Қармақшы АӘК арқылы 1942 жылы майданға аттанып, 488 ДП, 386 ә/б,2 ГвМотАП,31 Ар құрамында бөлімше командирі шенінде соғысқа қатысқан. 1943 жылғы 10 қазанда өзінің Отаны, елі үшін ерлік көрсетіп, қаза тапты.

Витебскі облысы, Дубровенскі ауданы Рыленки деревнясындағы Пухина Я станциясында жерленген. Ал отбасылық өміріне бас бұратын болсақ, жолдасы – Злиха Жүсіпова тылда жұмыс жасап жауынгерлерге киім тіккен. Осылайша елге өз үлесін қосып, әскердегі сарбаздарды киіммен қамтамасыз етіп отырды. Осы кәсібімен қатар, үй шаруасындағы қызметтерінде қатар алып, айналасына ақыл-парасаттылығымен үлгі болған. Қара шаңырағындағы жалғыз ұрпағы менің әжем Назина Қожам жарова 1942 жылы 11 наурызда дүниеге келіп, әкесінен 3 айлық шақалақ кезінде айырылып қалған.

Ұлы Отан соғысы біздің тарихымызда терең із калдырған ауыр да кайғылы оқиға болды. Бұл соғыстағы жеңіс – батыр бабаларымыздың, мыңдаған аға буын өкілдерінің, жауынгер мен еңбеккерлердің ерлігі мен жанқиярлығының арқасында келді. Олар өздерінің ерліктерімен бізге бейбіт күнді сыйлады. Біз осы Ұлы Жеңісті мәңгі есте сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бүгінгі бейбіт өміріміз – сол уақыттағы батырлық пен жеңістің жемісі.

Айзере БАҒДАТ,
С.Толыбеков атындағы
3 ІТ мектеп лицейдің
10-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!