Кеше Жастар ресурстық орталық ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандардың және үйден оқитын инклюзивті білім алатын оның ішінде, мектеп қабырғасындағы оқушылардың мәселелері қаралды. Кездесу модераторы облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова сөз басында ерекше балалардың бүгінде қоғам арасындағы мәселелеріне тоқталып өтті. Одан әрі, кездесуге келген мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары сөз алып, балаларының білім алудағы мәселелерін ортаға салды. Осы орайда, кездесуге Қызылорда облысының білім басқармасы және білім бөлімінің арнайы мамандары құлақ түріп тыңдап, шешілу жолдарын қарастыруға болатынын жеткізді. Кездесу соңында ата-аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, мамандар алдағы уақытта жауапсыз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, қорытынды сәтте келесі кездесуде талқыланатын мәселелер жоспарланды.
Кездесу барлық карантин талаптарын сақтай отыра ұйымдастырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!