Фото: Владимир Гердо / ТАСС
«Еріктілер кеңесі» – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы консультативтік кеңесші орган.
«Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы қызметінің негізгі бағыты – азаматтарды, әсіресе жастар, студенттер мен оқушыларды, мемлекеттік қызметшілерді еріктілер қызметіне қатысуға шақыру, мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттау, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар, өз еркімен көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да игі шараларға азаматтардың белсенді қатысуын ұйымдастыру.
Еріктілер кеңесі қызметін жүзеге асыру бағытында жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес біршама ауқымды жұмыс жүргізілді.
Мәселен, еріктілердің жұмыс нәтижелерін талқылау, проблемалық сәттер мен мәселелерді болдырмау, тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру және еріктілер жұмысындағы оң тәжірибелер бойынша пікір алмасу мақсатында осы жылдың 17 мамырында Жаңақорған ауданында облыс еріктілері арасында кездесу өткізілді.
Шараға игі істерімен өз үлесін қосып жүрген азаматтар, волонтерлік клубтар мен қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативті-кеңесші органының мүшесі, департамент өкілі С.Жұмаев қатысып, еріктілердің қоғамдағы аса маңызды рөлін, мемлекеттік органдардың волонтерлік ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттілігін және ізгі істермен айналысуға ниет білдіруші мемлекеттік қызметшілердің үлесі күннен күнге артып келетінін атап өтті. Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар оң тәжірибелерімен алмасып, кеңестің жұмысын жақсарту және оның алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды іске асырудағы тиімді шараларды нақтылау жөнінде ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Айта кету керек, елімізде еріктілердің қызметі айтарлықтай дамуда. Бүгінде қайырымдылық іспен айналысып, қоғамның дамуына өз септігін тигізіп жүрген азаматтардың үлесі артқанын байқауға болады. Еріктілер – бұл өз ынтасымен азаматтық қоғамның игілігі үшін әрекет ететін, білімін, уақыты мен күшін материалдық сыйақы алуға немесе ақы төленетін жұмысқа емес, бірлескен әлеуметтік күш үшін арнайтын адамдар.
Оған дәлел – департаменттің ұйымдастыруымен Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының ғимаратында Қызылорда облыстық қан орталығымен бірге өткізілген «Қан тапсыр – өмір сыйла!» акциясы.
Акцияның мақсаты – донорлық қанға мұқтаж ж андарға көмектесу. Шараға департаменттің, Шиелі ауданы әкімі аппарат ының, аудандық дербес бөлімдердің, ауылдық округ әкімі аппараттарының және аудандық мемлекеттік ұйымдардың қыз меткерлері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері қатысып, қан қорын көбейтудегі игі бастамаға өз үлесін қосты.
Өзгелерге өмір сүруге мүмкіндік беретін жақсылық жасау жолында донор болуға ниеттілер толықтай медициналық тексеру мен дәрігердің ұсынысы бойынша алдын ала дайындықтардан өткізіліп, өзге азаматтарды осындай игі іс шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Осы тектес іс-шара Қызылорда облыстық қан орталығында да өткізілді. «Қан тапсыр – өмір сыйла!» акциясына Қызылорда облысы әкімі аппаратының, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Еріктілер кеңесінің қызметі басқа азаматтарға үлгі болып, ұлтты қалыптастыруға жол ашатындығына сенім білдіре отырып, игі істер әлі де болса жалғасын тапса екен демекпін.
Т.НҰРТАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша
департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!