Ерте, ерте, ертеде Адалдық деген ауылда Сабыр деген жігіт өмір сүріпті. Ол ақылды, зерек, мінезі табиғатынан тамаша оқушы болып өседі. Сабырдың қызығушылығы өте көп. Атап айтсақ, ертегілер оқиды, сурет салады және бос уақытында атасына көмектеседі. Сабырдың болашақ арманы – балалар үйіне басшы болу және қайырымдылықпен айналысу болатын.
Бір күні шілде айының аптап ыстығында, көшеде бір кісі жолығады. Әлгі кісі шөлдегенін айтып, Сабырдан су сұрайды. Мейірімі қанғанша су ішіп, қайтарымына тәттілер ұсынып, ризашылығын білдіреді. «Мұны жесең, өмірің жеңілдейді, жолын ашылады, көңілді боласың», – дейді
Сабыр алғашқыда тәттіге қызығып, бірақ жүрегі біртүрлі мазасызданады. Басқа бір әлемге енгендей сезімде болады.
Үйге мазасыз күйде есеңгіреп қайтады. Алдынан Саят есімді көкесі шығады. Көкесі сабырмен былай дейді: «Бауырым, білмеген нәрсеңді ешқашан қабылдама. Сен білмей қабылдаған тәтті денсаулығыңа, болашағыңа үлкен залал келтіреді, алдағы уақытта кез-келген дүниені қабылдамас бұрын ойлану керек. Дұрыс таңдау жасайды деп сенемін”, – деп ақыл кеңесін береді.
Сабыр ойланып әлгі кісінің тәттісінен бас тартады. Сабыр сабақтарын оқып, арманын жалғастырады. Шынайы қуаныштың табыс пен еңбекте және білімде екенін сезгендей болды. Сол күннен бастап ол бір нәрсені түсінеді: адам өміріндегі дұрыс шешім жасау керектігі. Болашақ әрқашан бүгіннен басталатынын біліп, уақытында ұтымды шешім қабылдайды.
Рахман БИНАЗИР,
Максим Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
