Құрметті достар! Алға қойған биік мақсаттары, үлкен үміті бар жас буынның бірі ретінде үндеу жасағым келеді. Есірткі ешкімге пайда әкелмейді, керісінше өмірді құртып, болашақты қараңғы етеді. Қазір біз үлкен армандар құрып, алдағы өмірімізді жоспарлайтын шақтамыз. Бірақ бір сәттік қызығушылық немесе әлсіздік бұл арманды жоқ қылып жіберуі мүмкін.
Есірткіге тәуелді болған адам өзіне де, жақындарына да ауыр соққы жасайды. Оқу, мақсат, достық, отбасының сенімі — бәрі біртіндеп жоғалады. Сондықтан біз, жастар, қиындыққа тап болсақ та, дұрыс жолды таңдауды үйренуіміз керек.
Есірткіге “жоқ” деп айту — батылдық. Бұл — өз өміріңе жауапкершілікпен қарау, болашағыңды қорғау. Бізге жарқын өмір керек, ал ол тек есірткісіз мүмкін. Өз тағдырымызды өзіміз сақтайық!
Есірткіден бойды аулақ салайық,
Салауатты өмір салтын қолдайық.
Достарым, жат қылықтан аулақ болып,
Есірткісіз болашақты таңдайық!
Смағұл Ақниет Қызылорда қаласы, Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектептің 10 «В» сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!