«Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан етеді!» тақырыбындағы үндеуімді, балалар мен жасөспірімдерге жолдаймын!

​Құметті достар! Біздің қолымызда – болашақтың кілті, еліміздің ертеңі! Ал сол болашаққа  апарар жол – таза ой, нық қадам және салауатты өмір.

​Есірткі – өмірді бүлдіретін, арманды ұрлайтын, жанды азапқа салатын дерт. Бір рет қызығып көру – мәңгілік өкінішке айналуы мүмкін.

​Біз – есірткіге қарсы ұрпақпыз!

​Біз-білімді, өнерлі, арманы биік жастармыз! Еліміздің жарқын болашағы үшін есірткіге «ЖОҚ» деп айтамыз!

​Өмірдің шынайы қуанышы – достықта, еңбекте, отбасында, таза жүрек пен мейірімде!

​Кел, бірге есірткісіз болашаққа қадам жасайық!

​Есірткіге жол жоқ – өмірге жол ашық!

Әнес Әліби Жәнібекұлы,
№190 орта мектептің 10 сынып оқушысы,
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!