Қадірлі жас достар!
Әрбіріміз не үшін өмірге келгенімізді, болашақ бағдарымыз қалай болу қажет екенін ойланатынымыз анық. Әсіресе, келешекті жақын-жуық арасында, достар ортасында бақытты сәтпен өткізуді армандайтынымыз белгілі. Бұл арманға қол жеткізу үшін жас кезден жағымсыз әдет пен зиян затқа жоламауымыз шарт. Менің бүгінгі үндеуге айтпақ ойымның өзегі де осы тақырып аясында болмақ.
Қымбатты замандастар, есірткі есті алатын қасірет екенін бәріміз білеміз. Оның зияны адамның жеке басын ғана емес, қоғамды да шарпып, әлемді әбігерге түсіреді. Нашақор жан денсаулығынан айырылып, есірткіге тәуелді шарасызға айналады. Қайта оңалу қиын жолға бет бұрып, есірткі табу үшін түрлі қылмысқа барады. Жақындарын алдап-арбап, достарына қадірі қалмай, қоғамнан шеттейді. Сол үшін болашақты бағамдаған әрбір жас нашақорлық дертіне шалдықпас үшін ерте ойланып, есірткіге «жоқ!» деп айтуы керек. Сонда ғана әлем өзгеріп, мейірім шуағы шартарапқа шашырайтыны сөзсіз.
Үндеу арқылы барлық достарым мен замандастарды саламатты өмір салтын ұстануға, есірткісіз болашақты бірге қалауға шақырамын. Әрбіріміз қоғам алдында жауапты екенімізді ұмытпасақ екен.
Гүлназым Қозыбақова,
Қызылорда қаласа,
И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!