Әр адамның жүрегінде бір арман бар. Бірі биікке ұмтылады, бірі отбасын бақытты етуді қалайды, енді бірі қоғамға пайда әкеліп, өз ізін қалдыруды армандайды. Арман – өмірдің оты, ал үміт – соның шырағы. Бірақ есірткі сол шырақты өшіретін қараңғылық.
Есірткі алғашында жеңілдік сыйлағандай көрінеді. Бір сәттік қызығушылық, достардың ықпалы, «бір реттен ештеңе болмайды» деген жалған сенім – осылардың бәрі адамды тұңғиыққа тартады. Ал ол тұңғиықтан шығу өте қиын. Есірткі адамды еркіндігінен, денсаулығынан, арманынан айырады. Ол санаңды тұмандатып, болашағыңды ұрлайды.
Бірақ ұмытпа: бәрі өз қолыңда! Өмір кейде ауыр сынақтар береді, алайда ешбір қиындық есірткі арқылы шешілмейді. Керісінше, ол тек жаңа қайғы, жаңа қасірет әкеледі. Нағыз күш – қашып кетуде емес, күресуде. Өмірдің мәні — күресіп, жеңуде, өзіңді табуда. Нағыз қуаныш — таза өмірде, достықта, отбасылық сүйіспеншілікте, арманға ұмтылуда.
Өмір – бір-ақ рет беріледі. Оны уға айырбастама! Арманыңды сақта, өміріңді қорға! Есірткі – армандарды өлтіреді.
Ұлжан Тарғынқызы
М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжінің
«Шетел тілі» бөлімінің 3-курс студенті, 17 жас
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
