Қадірлі замандас!

Ақпарат ағымы қарқынды дамыған кезеңде жақсы дос, жағымды орта табу ауадай қажет. Бұл өмірден өз орныңды табуға көмектесіп, қатерге ұрынудан сақтайтын бірден-бір тиімді әдіс. Оған қоса қауіптен сақтануға үндеу де нағыз достың әрекеті. Сондықтан мен де барлық достарыма үндеу жолдап, ғасыр дертіне айналған есірткіден аулақ болуға шақырғым келеді.

Есірткі – адамды еліктіріп, сананы улайтын нәубет күш. Одан аулақ болуға үндеу үшін алдымен зиянын тарқатып, қатерін ескерту жөн секілді. Сонда ғана ұтымды ұсыныс қолдау тауып, үндеу нәтиже бермек.

Бәріміз білетіндей, нашақорлық адам ағзамына кері әсер етіп, түрлі ауруды туғызады. Есірткіге тәуелді азамат өтірікші, дөрекі, қатал адамға айналатынын да байқаймыз. Достың сенімінен айырылып, жақындарын ренжітіп, қоғамнан баз кешкен қаншама жанның тағдыры сөзімізге дәлел. Тіпті құмарлық желігінен әлемге деген көзқарасы өзгеріп, есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді. Сол себепті ғасыр дертіне айналған есірткіден аулақ болып, нашақорлыққа «Жоқ!» деп айтуды мақсат тұтайық!

Қалмахан Ақниет Өмірзаққызы,

Қызылорда қаласа,

И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!