Адам өмірі – баға жетпес қазына, ал әр жүректе орындалуы тиіс арман бар. Арман – әр адамның өміріне жарық сыйлайтын шырақ. Бірақ есірткі сол шырақты бір сәтте сөндіреді. Ол жалған қуаныш сыйлағанымен, ақиқатында өмірді, денсаулықты және болашақты ұрлайды.Есірткі бір сәттік ләззат сезімін сыйлағанымен, ол адамды өмірден алыстатады, болашаққа деген сенімді жояды. Ол тек денсаулықты ғана емес, сана мен рухты да улайды.

Есірткі – тек өз өміріңе емес, жақындарыңа да қайғы әкелетін қасірет. Бір рет қызығушылықпен бастаған іс, өкінумен аяқталады.

Сенің өмірің – ең қымбат байлық, сенің арманың – болашақтың үміті.

Есірткіге «ЖОҚ» де!

Таза өмірді, жарқын болашақты таңда!

Арманды өлтірме, үмітті сақта,

Таза өмір бастау болар баққа.

Есірткіге ерме, жолыңды таңда,

Өмірдің шырағын жақ та, жан да!

Әр адам өз өмірінің иесі. Сенің болашағың өз қолыңда!

Есірткіге жол жоқ! Арманыңды өлтірме – өміріңді сақта!

Айару Аманбаева
М.Мәметова атындағы Қызылорда
педагогикалық жоғары колледжінің 
«Өнер» бөлімінің 1-курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!