Құрметті жастар!

Есірткі – адам өміріне қауіп төндіретін ең қауіпті дерт. Бұл зиянды зат тек денсаулықты бұзып қана қоймай, адамның болашағын, арманын, өмірін құрдымға жібереді. Есірткіге тәуелділік көптеген жасөспірімдерді қиын жолға салып, олардың өмірін ерте жастан тоқтатуға себеп болып жатыр.

Есірткі таралуы – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның мәселесі. Сондықтан біз бұл мәселеге бейжай қарамауымыз керек. Әр адам өз ортасында, достары мен туыстары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әрекеттерден алыс болуға шақыруы қажет.

Біз – тәуелсіз елдің жастары, болашағымыз жарқын болуы үшін өмірімізді жақсы істерге арнауымыз керек. Армандарымызды жүзеге асыру, қоғамға үлес қосу үшін есірткі сияқты зиянды әдеттерден алыс болғанымыз жөн. Бұл – біздің болашағымыз үшін жасалған маңызды қадам.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осындай мәселеге тап болса, дереу көмекке жүгініңіз. Есірткімен күресу – тек мемлекеттің міндеті емес, бұл әр азаматтың борышы. Біз бірге болсақ, бұл дертті жеңе аламыз!

#есірткігеқарсы #противнаркотиков
Әбілмансур Әкімшаев
Арал қаласы
262 мектеп-гимнзаия оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!