Облыстың оқу орындарында «Есірткі-ғасыр дерті!» тақырыбында дөңгелек үстелдер өтті. Дөңгелек үстелдер барысында «Есірткіден бас тарту нәтижесінде не аламыз», «Есірткінің біздің денемізге әсері», «Дұрыс емес жолға түскендерге көмектесу керек пе» деген сұрақтар қозғалды.
Іс-шара барысында тақырыптар бойынша қатысушылардың пікірлері айтылды, кроссвордтар, блиц-сауалнамалар шешілді, танымал тұлғалардың өмірі жайлы мысалдары және есірткіге қарсы танымал өлеңдер келтірілді, бейнероликтер мен аниме көрсетілді. Сондай-ақ, қатысушылар есірткіге қарсы мазмұндағы плакаттар салу арқылы нашақорлық мәселесі туралы өз көзқарастарын көрсетуге тырысты.
Ұйымдастырушы – Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының пікірінше, ең үздік, қызықты және креативті дөңгелек үстелдерді: М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, Шиелі ауданының №244 орта мектебі, Жалағаш ауданының N118 орта мектебі, Жаңақорған ауданының №242 орта мектебі өткізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!