Қазіргі таңда есірткінің салдарынан көптеген адамдар зардап шегіп жатыр. Алайда өздеріне зиян тигізіп жатқанын әлі түсінбейді. Бірақ соған қарамастан көптеген ерлер мен әйелдер бұл затты өзінің денсаулығын құрту үшін пайдаланады. Ал егер еліміздегі барлық адамзат есірткі пайдаланса не болар еді? Ал бұл есірткіні тоқтата аламыз ба? Есірткінің салдарынан не болмақ? деген сұрақтар туындайды.
Менімше қоғамда барлық адамзат есірткі пайдаланса қоғамда адам саны жойылып кету қаупі бар. Есірткіні тоқтату бұл адамның есірткіге деген тәуелділігі. Иә елімізде есірткі мәселесін, толық болмаса да едәуір азайтуға болады. Бірақ бұл бір адамның немесе бір мекеменің қолынан келмейді. Бүкіл қоғам бірігіп әрекет ету керек. Бұл мәселені білім мен тәрбие, заң арқылы шеше аламыз. Есірткінің салдарынан денсаулық күрт нашарлайды. Ол ми қызметін бұзып жүрек, бауыр секілді маңызды мүшелердің тоқтауына себеп болады.
Қорытындылай келсек, есірткіге тәуелділік бір күнде пайда болмайды. Оған адам тез тәуелді болады. Адамға зиянынан пайдасы жоқ. Сол себепті есірткіні қолданбау керек.
Зұлпыхарова Нұрбибі, №214 орта мектебінің 6 А сынып оқушысы, Ә.Тәжібаев ауылы, Шиелі ауданы,Қызылорда облысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
