Фото: egemen.kz
Достар, есірткі сенің өміріңді, армандарыңды, жақындарыңды құрдымға жіберетінін білесің бе? Бір рет қана байқап көремін деген ой мәңгілік тәуелділікке әкелуі мүмкін. Бұл – қауіпті тұзақ!
Ал сен есірткінің қандай жағдайға апаратынын білесің бе?
Ең алдымен есірткі сенің өміріңді жояды. Яғни есірткі сенің ағзаңды ірітіп, сені ауруға шалдықтырады. Ал онан соң алдыңа қойған арман, мақсаттарыңды жояды. Сенің бар арманың бір-ақ сәтте күйрейді. Ал ең жаманы сен отбасыңнан алшақтайсың. Осылай сен өмірден, жақындарыңнан, отбасыңнан бәрінен айырыласың. Ал ең соңында өмірге деген бар мүмкіндігіңді есірткі жояды. Сен өмірден өз орныңды таба алмай, есірткінің соңғы аялдамасы – ажалды құшасың . Сондықтан сен ең алдымен өзіңнің бұл өмірге, өзіңе, жақындарыңа керек екеніңді ұмытпа.
СЕНІҢ ӨМІРІҢ – ҚҰНДЫ! Есірткігеқарсы бол! Өзіңді жойма! Өнер мен білімгеұмтыл! Армандарыңа жету үшін таза жолды таңда! ЕСТЕ САҚТА:»Бір сәттік әлсіздік – мәңгілік өкініш.» Өміріңді құртқың келмесе, есірткіден аулақ бол!
Нұрсая ӨТЕМҰРАТ,
Бердікен Кеулімжайұлы атындағы 226 мектеп-гимназияның 9-Б сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!