Есірткі – ерте заманнан қолданылып келе жатқан дерт. Ең алғаш рет есірткінің зиян екенін шығыс ғұламасы Әбуали ибн Сина жазып кеткен болатын. Негізінен: есірткіге тәуелді адамдардың бойында  көбінесе: ашушаңдық, ұмытшақтық, ұйқысыздық, ерте алжу, есінен адасу, ұстамалар жиі орын алу, бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту, секілді қасиеттер басым болады. Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда адамның көздері суланып, мұрны ағып, есінейді. Есірткі заттары  ми және орталық жүйке жүйесіне аса зиян келтіретіндіктен,оны пайдаланушы тұлғалар психикалық ауытқуларға жиі ұшырап жатады.

Есірткі… Атауының өзі құлаққа түрпідей тиеді. Қаншама отбасының шырқын бұзушы, талай жастың да, кәрінің де, түбіне жеткен. Бұлай деуімнің себебі осы есірткіге қалай байланып тәуелді болғанын білмей, тіпті айтуға ауыз бармастай қылмыстарға барып, жарқыраған өмірін, үміт еткен келешегіне балта шапқан қанша адам, ең сорақысы сол, санынан жаңыласың. Менің айтарым, есірткіден аулақ болу. Бір сәттік қызыққа алданып, «Кішкене тартып көремін, не болады дейсің?!», міне осы шайтанның салған ақымақ ойы сені «Нашақор» деген атаққа қалай ілгізгенін тіпті де байқамассың. Есірткінің салдарынан шырқы бұзылып ажырасқан отбасы, жетім қалған бейкүнә балалар бар. Жарқын болашағың мен кемел келешегің болғанын қаласаң, қоғамға пайдалы тұлға болғың келсе, осы сәттен-ақ бойыңды жаман әдеттерден аулақ ұста! Тәрбиені өзіңннен бастағаның дұрыс.

Назгүл Рамазанқызы, №280 негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!