Бүгінгі қоғамның ең үлкен қауіптерінің бірі – есірткімен күрес. Есірткі – адамның өмірін, денсаулығын және болашағын жоятын қатерлі дерт. Оның артында ауыр қайғы, құрдымға кеткен тағдырлар жатыр.
Қазақстанда нашақорлық мәселесі өзекті болып отыр. Ресми деректерге сәйкес, елімізде 18,3 мың адам есірткіге тәуелді ретінде тіркелген. 2022 жылы есірткіні мөлшерден тыс қолдану салдарынан 87 адам қайтыс болған.
Дегенмен, бұл сандар нақты жағдайды толық көрсетпеуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, Қазақстандағы нашақорлар саны 150 мыңға жетуі ықтимал.
Есірткіге тәуелділердің арасында жастардың үлесі жоғары. Мәселен, тіркеудегілердің басым бөлігі 14 пен 25 жас аралығындағылар.
Синтетикалық есірткілердің таралуы да алаңдатарлық деңгейде. Соңғы үш жылда есірткіге тәуелді жастардың саны үш есеге артқан.
Бұл мәліметтер елімізде нашақорлықпен күрес шараларын күшейту қажеттігін көрсетеді.
Әрқайсымыз есірткіден бас тартып қана қоймай, өзімізді, жақындарымызды және қоғамды бұл зиянды әдеттен қорғауға атсалысуымыз керек. Есірткіге бой алдыру – бұл өзіңнің арман-мақсаттарыңды құрбан ету, жақындарыңның үмітін ақтамау. Сондықтан да біз есірткіге «ЖОҚ!» деу арқылы өз өмірімізді жарқын болашаққа бағыттаймыз.
Біз – күшті, білімді, қайсар ұрпақпыз! Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын ұстану, қоғамға пайда әкелу және өз денсаулығымызды қорғау.
Есірткісіз болашақ – жарқын өмірдің кепілі.
Нұрай Жарылқасын Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің 8 сынып окушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!