Ертеде жасыл төбелермен қоршалған бір ауылда тату-тәтті өмір сүрген адамдар болыпты. Бұл ауылдың халқы еңбекқор, бір-біріне қамқор екен. Сол ауылда Наурызбай есімді жас жігіт өмір сүріпті. Ол 25–30 жас шамасында болса да өзгелерден ерекше, тұйық мінезді еді. Ауыл адамдары секілді ашық сөйлеспей, көп ойға шомып жүретін.
Бір күні ауылға Аян атты ақылды да батыл жігіт келіпті. Ол Наурызбайдың өзгешелігін байқап, оның сыры неде екенін білгісі келеді. Аян Наурызбаймен сөйлесуге қанша тырысса да, Наурызбай сұрақтарға тура жауап бермей, жұмбақ күйде қала береді.
Сол түні Аян түс көреді. Түсінде Наурызбай қара тұманның ішінде қалып, сол тұман оны адамдардан алыстатып тұрғанын көреді. Бұл қара тұман – жаман әдеттің белгісі екен. Оянған соң Аян ақсақалға барып, бәрін айтып береді. Ақсақал: «Бұл – жанды тұтқындап алатын сиқыр «есірткі» деп аталады. Одан құтылу үшін адам есірткіге деген тәуелділігін тоқтату керек, – дейді.
Аян Наурызбайға қалай көмек жасасам, «қара тұманнан» шығар жолды қалай тапсам екен деп бірнеше күн ойланып жүрді. Ақыры Наурызбайдың көңілін аударар басқа нәрсе ойлап табу керек деп шешті. Ауыл жастарын жинап, түрлі ойындар ұйымдастырып, Наурызбайдың қатысуына ықпал жасады. Ойындар арқылы денесі шынығып, көпшілік арасында қолдауға ие болған Наурызбайдың өмірінде жарқын күндер басталды.
Осылайша, Наурызбай қара тұманнан шықты. Ол жаман жолдастан бас тартып, жарық өмірді таңдаған екен.
Ақерке Искендирова, №274 орта мектебінің 9 “Ә”сынып оқушысы, Байқоңыр қаласы, Қызылорда облысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
