Есірткі – жастар өміріне төнген үлкен қауіп. Қазіргі кезде бұл мәселе көптеген жасөспірімдерге әсер етіп отыр. Көбі оны жай қызығушылықпен немесе достардың ықпалымен байқап көреді. Бір рет көргеннің еш зияны жоқ деп ойлау – үлкен қателік.
Есірткі адамды баяу түрде өзіне тәуелді етіп, ойлау қабілетін әлсіретеді. Оқуға деген ынта азайып, болашаққа деген сенім жоғала бастайды. Біз, жастар, мұның салдарын түсінуіміз керек.
Өмірде жетістікке жету үшін денсаулық ең басты құндылық екенін ұмытпау қажет. Спортпен айналысу, пайдалы істерге уақыт бөлу, мақсат қою – дұрыс жол. Есірткі уақытша иллюзия ғана, ал оның салдары өте ауыр. Әрбір студент өз таңдауы үшін жауапты. Біз саналы шешім қабылдап, өз болашағымызды қорғауымыз керек. Есірткісіз өмір – еркін, жарқын әрі мағыналы өмір. Осындай көзқарас бізге күш беріп, бір-бірімізді қолдауға, дұрыс орта таңдауға, жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді және шынайы бақытқа апаратын жолды көрсетеді, жастардың жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы сенім мен қауіпсіздікті нығайтады, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін аса маңызды.
Серік Ақерке, Мақпал Оразбайқызы , М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі. 01140700 - “Информатика” мамандығы 2 курс студенттері
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!