«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ 
тарапынан жарияланған байқауға»

Бір күні орманда қоян тұрады екен. Ол өте ақылды, көңілді еді. Бірде қоян орманда кірпі досын көреді. Кірпі біртүрлі көңілсіз еді.

-Не болды , кірпі досым?- деп сұрады қоян.

-Біреулер маған күш беретін түтінді нәрсе ұсынды. Соны қолдансам үнемі көңілді болып жүреді екенмін, -деді кірпі.

Қоян шошып кетеді.

-Жоқ, кірпі, бұл-есірткі. Ол ешкімге де пайда әкелмейді. Ең бірінші рет қолданғанда жақсы сезінесің , кейін денсаулығың бұзылады, тіпті өміріңе де қауіп төнеді.

Кірпі ойланып қалды.

-Шынымен де солай ма ?

-Әрине , солай! Есірткі саған күш те, бақыт та әкелмейді. Тек қайғы әкеледі. Егер сен жақсы боламын десең күш-қуатты жол ізде! – деді қоян.

Кірпі қоянға алғысын айтып, есірткіден бас тартты. Ал қоян досын құтқарғанына қуанды. Осылайша , ақ қоян орман аңдарын зиянды заттардан сақтандырып жүрді.

Ерқосаев Нұрәли Жанболатұлы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта
мектебінің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!